Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, кейін ғимаратқа соғылды

2025 жылғы 20 маусым күні таңертең Алматы қаласындағы Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты туралы мәліметті қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Апат туралы ақпарат алғаш болып әлеуметтік желілерде пайда болды.
Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел басқару орталығының мәліметінше, оқиға сағат 06:15 шамасында орын алған.
"Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесіне солға бұрылған кезде рөлге ие бола алмай, Яссауи көшесімен оңтүстік бағытта жасыл шамды күтіп тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Кейін автобус қозғалысын жалғастырып, ғимаратқа соғылған", — делінген Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жол апатында ешкім зардап шекпеген.
"Оқиғаның мән-жайын Әуезов ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр", — деп толықтырды ведомство.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Атырау мен Дубай арасындағы әуе рейстері тоқтатылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript