Көкшетауда 70 жастағы дәрігер есірткі дәрілеріне жалған рецепт жазды деген күдікпен ұсталды

Көкшетауда 70 жастағы дәрігер есірткіге рецепт жазғаны үшін ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 20:52 Сурет: Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көкшетауда полиция қызметкерлері есірткілік заттарға теңестірілген дәрі-дәрмектерді сатқан саудагерді ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер 48 жастағы ер адамның үстінен 130 таблетка трамадол тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бөлек, құқық қорғаушылар ұсталған адамның жанынан жергілікті дәрігер жазып берген есірткілік препаратты алуға арналған екі рецепт тапты.

"Полицейлер бірқатар жедел іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде медициналық қызметкердің заңсыз әрекеттері расталды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, жалған рецепттер жазып келген 70 жастағы жекеменшік дәрігерді ұстады. Дәрігердің кабинетінде тәртіп сақшылары мөр басылған тағы 9 рецепт тапты.

Аталған екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: