Денсаулық сақтау министрлігі медициналық университеттердегі ақылы оқуды қысқартпақ
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 24 маусымда ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда медициналық білім беруге қатысты қандай өзгерістер болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, жыл сайын 2 700 білім гранты бөлінеді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда жергілікті әкімдіктер өз тараптарынан қосымша гранттар бөле алады.
"Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің саясаты, ең алдымен, білім беру гранттарының мөлшерін арттыруға және ақылы негізде қабылдауды шектеуге бағытталған. Бұл әр студентке, болашақ дәрігерге жеке көзқараспен қарап, қажетті білімді сапалы меңгеруге, клиникалық базаларда тәжірибелік дағдыларды игеруге жеткілікті уақыт пен мүмкіндік болуы үшін қажет", – деді вице-министр.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде, оның ішінде барлық ведомстволық мекемелерде шамамен 275 мың медицина қызметкері жұмыс істейтінін хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript