Қазақстанда қандай мамандарды "жасанды интеллект" алмастыруы мүмкін - министр жауабы

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 17:18 Фото: pixabay
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект технологиялары еңбек нарығына әсер етіп, салдарынан кей мамандықтар жойылуы мүмкін деп пайымдады.

Бұл туралы министр Жаслан Мәдиев BAQ.KZ-тің Youtube каналына берген сұхбатында хабарлады.

Министрдің сөзінше Қазақстанда жасанды интеллектіні сәнді тренд емес, стратегиялық құрал ретінде қарастырамыз.

"Біздің мақсат адамды алмастыру емес. Оның мүмкіндіктерін интеллектуалды шешімдер арқылы күшейту болып табылады." Жаслан Мәдиев

Бұл ретте министр жасанды интеллекттың дамуы еңбек нарығына да тікелей әсер етеді.

"Ол күнделікті қайталанатын жүмыстарға әсер етеді. Мысалы болашақта кейбір мамандықтар,азаюы мүмкін. Олардың ішінде колл-орталықтардың операторлары." Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Министрліктің деректері бойынша, жаңа технологиялар адам еңбегін толығымен алмастырмай, оны толықтырады.

"Жасанды интеллекттің бұл міндеттірді тез, әрі арзан және қателіксіз орындай алуымен байланыстырылып отыр. Яғни жасанды интеллект қауіпсіз әрі интеллектуалды еңбекке роботтандырылған кешендер еңгізіліп жатыр. Олар адамның қауіпсіз өндірістерге қатысуын азайтады. Сол сияқты тау-кен өндірісі, құрылыс немесе металлургия саласын атап өтуге болады." Жаслан Мәдиев

Бұған дейін, Жаслан Мәдиев Қазақстан ЖИ саласында маман дайындауға кіріскендігі туралы айтқан. Министрдің пайымдауынша, ЖИ технологиялары еңбек нарығына әсер етіп, қазіргі уақытта ауқымды шаралар қолға алынды,

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: