Сенат Халықаралық Қайта Құру және даму банкімен қарыз туралы келісімді ратификациялады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 26 маусымда Сенат депутаттары Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз алу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Аталған келісімге 2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада қол қойылған.
"Келісімнің мақсаты – ауыл халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете отырып, орнықты цифрлық инфрақұрылымды дамыту және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл инклюзивті экономикалық өсімге негіз болады", – делінген қорытындыда.
Келісімнің негізгі міндеттері:
- қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту үшін ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету;
- өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау, оның ішінде шағын және орта бизнесті, электрондық сервистер мен қашықтан көрсетілетін қызметтерді қолдау, сондай-ақ инвестиция тарту;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орнықты моделін енгізу арқылы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Сондай-ақ, бұл келісім технологиялық дамуға елеулі серпін беріп, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді жандандыруға және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететіні айтылған.
"Келісімді ратификациялау ауылдық елді мекендерде цифрлық инфрақұрылымды дамыту жобасын қаржыландыру мен іске асыруға құқықтық негіз жасайды. Келісімнің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағымсыз салдары болмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді", – делінген құжатта.
Сондай-ақ, бүгін, 26 маусымда Қазақстан Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды кеңейту туралы шартты ратификациялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript