Маңғыстау облысында 500-ден астам интернет-сайт бұғатталды

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 14:17 Фото: freepik
Маңғыстауда жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 500-ден астам интернет-сайт бұғатталды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы заңсыз табыс табуға қолданған 43 онлайн чат жойылған.

Оларға облыс бойынша 3 мыңға жуық адам тіркелген.

Бұл туралы Ақтауда өткен форумда айтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында қаржы пирамидаларын анықтаған.

19 қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

"ХХІ ғасырдың сандық триггерлері" атты форумымыз қазіргі таңда Қазақстанның барлық облыстарында жүріп жатыр. Бұл жерде ең алдымен дропперлер мәселесі бойынша және қаржы пирамидалары бойынша. Оның ішінде Маңғыстау облысында 86 мыңнан астам азамат тартылған 36 қаржы пирамидасы жойылды. Бердәулет Бисебаев, Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің өкілі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: