Абай облысында полиция үш борышкерді анықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 14:22 Фото: Zakon.kz
Семей қалалық полиция басқармасына жалпы сомасы 6 миллион теңге материалдық шығынды өтеу туралы сот шешімін орындаудан жалтарған борышкерлерге іздеу жариялау жөнінде жекеше сот орындаушылардан үш қаулы келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ІІМ ақпараттық жүйелерінің көмегімен 37, 43 және 48 жастағы семейліктердің жүрген жерін анықтады.

Борышкерлер Алматы және Астана қалаларының аумағында анықталып, олардан жекеше сот орындаушыларына келу туралы міндеттеме алынды.

Қалған шаралармен уәкілетті органдар айналысады. 2025 жылдың басынан бері Абай облысы ПД көші-қон қызметі өндірісте жүрген істер бойынша іздеуде болған 150 азаматты анықтады.

Полиция қызметкерлері сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: