Қарағандыда мемлекеттік мүлік коммуналдық меншікке қайтарылды

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 09:47 Фото: pexels
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының талап-арызы бойынша Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жылжымайтын мүлік пен жер телімін сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп таныды.

Сотқа жүгінуге №16 орта мектебінің екі қабатты ауданы 1165,79 шаршы метр жапсарлас ғимаратын кеңейтуін жекешелендіру және 1 гектардан астам жер телімін беру кезіндегі заң бұзушылықтар себеп болды.

Оқу орны жұмысын жалғастыруына байланысты мектеп балансында тұрған нысан жекешелендіруге жатпайтыны анықталды. Мәміле қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып жасалған.

Сот прокуратураның талаптарын қанағаттандырып, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды, Қарағанды қаласы әкімдігінің тиісті қаулысының күші жойылды. Мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтарылды. Шешім 2025 жылғы 20 маусымда заңды күшіне енді.

Бұған дейін прокуратураның бастамасымен заң бұзушылықпен берілген Ленин атындағы кинотеатр да мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: