СҚО-да мемлекетке су компаниясындағы 51% үлес қайтарылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 17:16 Фото: zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында "Булаев су" ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлес мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот 2017 жылғы электрондық аукцион нәтижелері мен үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік мүлікті пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйін талдау қорытындылары бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының прокуратурасы 2017 жылғы электрондық аукционның нәтижелерін және "Булаев су" ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қойды.

Сотта прокурор "AUHAL" ЖШС-нің "Булаев су" ЖШС-дегі 51% үлесті сатып алғаннан кейін кәсіпорынның жұмысына іс жүзінде қатыспағанын, су құбыры желілерін күтіп-ұстауға және дамытуға қаражат салмағанын дәлелдеді.Бұл ретте оларды күтіп-ұстау және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша негізгі шығындар іс жүзінде Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің бюджет қаражаты мен ресурстары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде Булаево қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын күрделі қаржылық жағдайға тап болып, оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша негізгі жүктеме іс жүзінде мемлекетке түскен.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2026 жылғы 21 шілдедегі шешімімен аудан прокурорының талап арызы қанағаттандырылды. 2017 жылғы электрондық аукцион нәтижелері және "Булаев су" ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлесті сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.

Нәтижесінде Булаево қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін мүлік мемлекетке қайтарылды.

Мемлекеттік мүліктің қайтарылуы кәсіпорынды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге, оның қызметіне бақылауды күшейтуге, су құбыры желілерін жаңғыртуға қажетті ресурстарды бағыттауға және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: