Жақыпова еңбек кітапшалары туралы: бұл архаикалық жағдайды жеңу керек

Центр занятости населения, поиск работы, работа, трудоустройство, вакансия, вакансии, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 13:56 Фото: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандық жастарға еңбек кітапшасы қажет пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер кейбір жұмыс берушілердің неге еңбек кітапшасын талап етуді жалғастырып келе жатқанын сұрады.

"Бұл – архаизм, біз мұны еңсеруіміз керек. Бүгінгі күні жастар үшін еңбек шартын жасау, оны Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде электронды форматта тіркеу және зейнетақы жарналарын аудару жеткілікті. Себебі еңбек өтілі зейнетақы жүйесіне қатысу арқылы есептеледі", – деп жауап берді Светлана Жақыпова.

БАҚ өкілдері бұл құжаттың болмауына байланысты уайымдаудың қажеті жоқ па деп нақтылай сұрады.

"Жоқ", – деп қысқа қайырды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Бұған дейін Алматыда мопед ұрысы ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: