Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 23 маусымдағы Кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырма бойынша Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы ақпаратты 30 маусымда Ақорда таратты.
Оған сүйенсек, жекелеген күштік органдарға ғана тән кемшіліктермен қатар, жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер ететін жалпы проблемалық бағыттар анықталды.
"Талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді, олардың пысықталуын жауапты мемлекеттік органдар қысқа мерзімде қамтамасыз етуге тиіс",- делінген ақпаратта.
Қабылданып жатқан шаралар, қол жеткізген нәтижелер мен тиісті қорытындылар Мемлекет басшысына баяндалатын болады.
Тапсырманың тиісті орындалуын бақылау Президент Әкімшілігімен қамтамасыз етіледі.
Бұған дейін мемлекет басшысының құқық қорғау органдарын реформалауды көздейтін заңға қол қойғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript