Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев, құқық қорғау органдары, отырыс, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2025 18:53 Сурет: akorda.kz
Ертең, 2025 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында жазды. 

"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады", делінген жазбада.

Бұған дейін, 2025 жылы 20 маусымда Мемлекет басшысының сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша ақпарат алмасу туралы келісімді мақұлдағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: