Қазақстанға Қырғызстаннан миллиондаған текше метр су келді
Сурет: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі
Суару маусымы басталғалы Шу және Талас өзендері арқылы Қазақстанға шамамен 304,3 млн текше метр су келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады:
Биыл сәуір айынан бүгінге дейін Қырғыз Республикасы Қазақстанға шамамен 304,3 млн текше метр су жіберді. Ал Шу және Талас өзендері арқылы осы уақытқа жоспарланған су беру көлемі 270,1 млн текше метр болатын.
Қырғыз Республикасымен жасалған келісімдерге сәйкес, вегетациялық кезеңде Қазақстанға Жамбыл облысының диқандарын қамтамасыз ету үшін Шу және Талас өзендері арқылы 625 млн текше метр су келеді деп күтіліп отыр.
Бүгінде Жамбыл облысының шаруа қожалықтарына 231 млн текше метрден астам су берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 млн текше метрге артық. Жалпы 58 900 гектар егіс алқабы суарылды
"Өңірде суармалы суды тиімді пайдалану және әділ бөлу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Каналдар бойынша суды кезекпен беру кестесі бекітілді, диқандарға ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу мен түнгі суару жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Фурманов айналма каналы мен Георгиев магистральдық каналында механикалық тазарту жұмыстары басталды", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript