Жалға алудан сақ болыңыз! Астанада онлайн-пәтер алаяқтығының беті ашылды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 10:28 Фото: pexels
Астанада бойжеткен баспананы жалға алып, арам жолмен ақша табуға бел буды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің 2025 жылғы 1 шілдеде хабарлауынша, тергеу деректері бойынша 20 жастағы бойжеткен танымал интернет-сайттар мен мобильді қосымшаларда Астанада пәтер жалдау туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Тұрғын үйді брондау сылтауымен ол алдын ала төлем сұрады, содан кейін жалға алушымен байланысын тоқтатқан.

Бүгінгі таңда осыған ұқсас қылмыстардың 10-нан астам оқиғасы тіркелді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2025 жылдың маусым айында Астана полициясы телефон арқылы алаяқтық жасаған схеманың құрбаны болып, құны 16 миллион теңгенің жылжымайтын мүлкінен айырылған зейнеткер туралы хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: