Астанада автобус жүргізушілерін бақылайтын жаңа камералар орнатылады

Астанада автобус жүргізушілерін бақылайтын жаңа камералар орнатылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 16:10 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 2 шілдеде "Атамекен" ҰКП мінберінде Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы Мақсат Имашов автобус жүргізушілерін бақылауға арналған бейнекамералар орнату жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мақсат Имашовтың айтуынша, қалалық маршруттық автобустарда жүргізушінің әрекеттерін бақылайтын камералар орнатылған.

"Қазір біз барлық автобустарды, яғни қоғамдық көліктерді толық қамтуды жоспарлап отырмыз – жүргізушінің телефонға алаңдамауын бақылау үшін. Күн сайын полиция қызметкерлері патрульдеу барысында бұл камералардың жағдайын тексеріп отырады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік автопарктен жолға шығар алдында автобустың техникалық жағдайымен қатар, осы камераның да жұмыс істеп тұрғаны, жабылып қалмағаны тексеріледі", – деді спикер.

Бұған дейін Астаналық полицияның Sergek камераларының жұмыс істемейтіні туралы қауесеттерге жауап бергендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: