Астанада жоғалған бала табылды
Сурет: polisia.kz
Астанада бір тұрғын жанармай бекетінде көлік шамдарын тазалауды ұсынған мектепке дейінгі жастағы баланы байқап қалған. Бала мұндай жұмыс үшін тым кішкентай көрінген, ал оның қосымша сұрақтарға берген жауаптары күмән тудырған. Азамат бірден полицияға хабар берген.
Белгілі болғандай, баланың анасы түстен кейін ұлының жоғалғанын байқап, бірден полицияға жүгінген. Дереу іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған бала туралы бағдарлар барлық патрульдік экипажға және қалада кезекшілік атқарып жүрген Ұлттық ұлан қызметкерлеріне таратылды.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен учаскелік полицейлер шағын аудандар мен аулаларды аралап, іздестіру жүргізді. Жедел-іздестіру шараларына криминалдық полиция қызметкерлері де тартылды. Бала сол кеште табылып, туыстарына тапсырылды.
Бала ата-анасымен балалардың қауіпсіздігі мен оларды қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.