"Қазақстан тарихы" көптомдығының бірінші бөлімінің жұмысы аяқталды

"Қазақстан тарихы" көптомдығының бірінші бөлімінің жұмысы аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 18:06 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 4 шілдеде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен "Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты академиялық 7 томдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакция алқасының алдында тұрған басты міндет – көптомдықтың мәтін материалдарын, карталары мен иллюстрацияларын түпкілікті сараптау және бекіту, сондай-ақ оны беттеуге, баспаға дайындау.

Басқосуда басылымның көне дәуірге арналған бірінші томы қарастырылды.

Сурет: akorda.kz

Алқа мүшелері академиялық басылымның бірінші томының жетекшісі, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлының баяндамасын тыңдап, ұсынылған материалдың тұжырымдамасын, мазмұны мен құрылымын талқылады. Жиында рецензентшілер Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Жәкен Таймағамбетовтың, тарих ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Виктор Мерцтің, Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Нұрсан Әлімбайдың  сарапшылық пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ редакция алқасының басқа да мүшелерінің ой-пікірлері ортаға салынды.

Редакция алқасының келесі отырысы тамыз айында өтеді. Онда "Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты академиялық басылымның екінші томы талқыланады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: