Елорда күніне арналған мерекелік отшашуды қай жерден тамашалауға болады

Отшашу, Астана, елорда күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 11:42 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада 6 шілдеде – Елорда күніне орай мерекелік отшашу атылады. Оған қаражат демеушілер есебінен қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Отшашу шамамен сағат 23:00-де Ботаникалық бақ аумағынан атылады.  Оның алдында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік OPEN AIR концерті өтеді", делінген әкімдік хабарламасында.

Астана, Ботаникалық саябақ, отшашу, елорда күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 11:42

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетсек, елордада қайтарылған активтер есебінен стадион салынуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: