Алматылықтар "пайызсыз бөліп төлеу жоспарына" сеніп, 50 миллионнан айырылды

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 12:22 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматылықтар жалған баспана бағдарламасына сеніп, 50 миллион теңгеден айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада белгілі болды. Толығырақ Zakon.kz материалында.

2025 жылдың 8 шілдесінде тараған ақпаратқа сай, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "UILI BOLAYIK" (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген.

"Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15–30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген." ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті

Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал "UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының" есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған.

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына тыйым салынды.

Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: