Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтерілді

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, сигарета, курильщик, курильщики, электронные сигареты, электронная сигарета, вейп, вейпы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 10:14 Фото: unsplash
Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен фильтрленген және фильтрсіз темекіге, темекіге, сигариллаға және қыздырылған темекі қосылған өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 фильтрлі темекіге, фильтрсіз темекіге, папиросияға, сигариллаға және қыздырылған темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде бекітілді:

  • 2025 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 920 теңге (бұрынғы баға – 820 теңге);
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 970 теңге (870 теңге болды).

Бұйрық 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.

Бұған дейін біз сиыр етінің неліктен қымбаттап жатқанын және Қазақстанда картоп арзандайтынын айтқан болатынбыз.

Үкіметтің бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысын шығарғанын да хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: