Қазақстанда медициналық колледждерге қабылдау ережесі күшейтілді

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врачи, доктора, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 10:45 Фото: freepik
Қазақстанда таңдаған мамандығына қарай медициналық колледждерге түсу үшін екі пәннің бірінен арнайы емтихан енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан енгізілді.

Енді бұл стоматология мен ортопедиядан басқа барлық медициналық мамандықтарға түсушілер үшін міндетті болады (оқу түріне қарамастан – 9 немесе 11 сыныптардың негізінде).

Емтихан бейіндік пәндер бойынша базалық білімді, сондай-ақ талапкердің мотивациялық деңгейін бағалауды қамтиды.

"Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде біз орта медициналық білім алатын мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттырамыз. Мотивация мен дайындықты бағалаудың бірыңғай тәсілі есебінен түсу кезінде әділеттілік қамтамасыз етіледі. Бұл қоғамның медициналық кадрларды даярлау жүйесіне деген сенімін арттырудың алғашқы қадамы", – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдаудың жаңа шарттарымен мұқият танысуға және арнайы емтиханға алдын ала дайындалуға шақырады.

Қосымша ақпарат, тапсырма үлгілері, емтихан кестесі және өту ережелері ресми сайттарда, оқу орындарының ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: