Алматыда Орманов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 15:11 Фото: Zakon.kz
Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. ШЖҚ "Алматы Су" МКК-ның өз инвестициялық бағдарламасы есебінен биыл тозған су құбыры желілері қайта жаңартылып жатыр.

Қайта жаңарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 14 шілде мен 31 тамыз аралығында Орманов көшесі бойымен Төле би мен Құмай көшелерінің арасындағы аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Шектеулер жолдың астына салынған су желілерін реконструкциялаумен байланысты. Жұмыс аяқталған соң жол жабыны толықтай қалпына келтіріледі.

Жоба бойынша барлығы 5,4 шақырым су құбыры желілерін ауыстыру көзделген. Жұмыстың бірінші бөлігі – Бөгенбай батыр көшесінен Балтабаев көшесіне дейінгі ұзындығы 3,3 шақырым аралық. Алғашқы кезеңнің жұмысын кәсіпорын 2024 жылы іске асырған болатын.

Медеу ауданының осы аумақтарындағы желілерді қайта жаңарту бірнеше мың тұрғынды, сондай-ақ, ондаған әкімшілік ғимарат пен коммерциялық нысанды тұрақты әрі сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


"Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын-ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз." "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: