1 млн-ға жуық қаражатты бәс тігіп ұтылған Орал әкімдігінің қызметкері жұмысынан айырылды

1 млн-ға жуық қаражатты бәс тігіп ұтылған Орал әкімдігінің қызметкері жұмысынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2025 13:42 Сурет: unsplash
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының тексерісінен кейін 16 шенеунік қызметінен босатылды. Оларды букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға әуестенгені үшін әшкерелеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал қаласының прокуратурасымен осы нормалардың сақталуына талдау жүргізілді.Анықталғандай, Орал қаласы әкімдігінің, мемлекеттік кірістер және қалалық полиция басқармаларының жекелеген лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқан.

Аталған фактілер бойынша Орал қаласының прокуратурасымен Орал қаласы әкімдігіне, Мемлекеттік кірістер басқармасына және Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне қадағалау актілері енгізілді.

Оларды қарау қорытындысы бойынша 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 16-сы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Мысал ретінде, OLIMPBET ЖШС-нің мәліметтеріне сәйкес, Орал қаласы әкімдігінің бір қызметкері 2021 жылғы 5 маусым мен 2025 жылғы 22 қаңтар аралығында өзінің жеке шотына 34 047 142 теңгеден астам қаражат салған. Оның ішінде, заңнамадағы өзгерістер күшіне енгеннен кейін — 1 741 000 теңге салып, оның 971 000 теңгесін ұтылған. Осы мән-жайларға байланысты аталған қызметкер лауазымынан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: