Ақтаулықтар теңізден майлы дақтар байқап, дабыл қақты

Ақтаулықтар теңізден майлы дақтар байқап, дабыл қақты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2025 15:17 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 12 шілдеде Ақтау тұрғындары Каспий теңізінің жағалауында ластану белгілерін байқады. Zakon.kz мәліметінше, тараған видеоларда теңіз бетінде майлы дақтар мен қалқып жүрген қоқыс анық көрінеді.

Lada.kz жазуынша, 15-шағын аудан маңында су бетінде қою май қалдықтары мен қоқыс пайда болған.

"Біреу әдейі қалдық төккен сияқты. 40 минут бұрын теңіз тап-таза еді, енді суға кіру мүмкін емес", - дейді жергілікті тұрғындар.

Кадрларды қала тұрғындары редакцияға жолдаған. Видеодан судың ластанғаны анық байқалады.

Журналистер аталған видеоматериалдарды Экология департаментіне жолдап, ластанудың мүмкін себептерін түсіндіруді сұрады. Қазір ведомство жауап дайындап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: