Астанада музыкалық фестивальға келушілер автокөліктерін қайда қалдыра алады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Елордада 13 шілде күні ауқымды музыкалық фестиваль – ALEM FEST 2025 өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары өз автокөліктерін іс-шара өтетін орынға жақын маңдағы тұрақ алаңдарына қоя алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктерді келесі орындарда қоюға болады:
- "Астана Арена" стадионы аумағында,
- "Алау" мұз сарайының маңында,
- "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында,
- "Сарыарқа" велотрегінде,
- Ботаникалық бақ жанында — Бұқар жырау және Орынбор көшелері жақтан, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында және басқа да рұқсат етілген тұрақ орындарында.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Фестиваль қонақтары үшін әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетеді. Шақырылған әртістер қатарында Craig David, Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove бар.
ALEM FEST – Қазақстандағы оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ірі мәдени жоба.
Фестиваль көрермендеріне жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес беріледі.
Бұған дейін Көліктегі полицейлер азаматтарды теміржол бойында жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң сақтауға шақырған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript