Шарын шатқалында ер адам терең жыраға құлап кетті

Шарын шатқалында ер адам терең жыраға құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2025 21:41 Сурет: pixabay
ТЖМ құтқарушылары Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен туристке көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шарын шатқалында Қостанай облысынан келген турист жыраға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмады. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған.

"Ер адамның достары көмектесе алмай, көмек сұрап,жақын жерде ТЖМ механикаландырылған күзетінде кезекшілік еткен құтқарушыларға жүгінді". Төтенше жағдайлар министрлігі

1989 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды туристік жорықта қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: