Ресей азаматы Шарын шатқалындағы жартастан домалап кеткен
Сурет: Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Алматы облысының құтқарушылары Шарын шатқалында Ресей азаматын құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02:00-ден бастап Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялады.
"Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын шатқалындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап кеткен, өздігінен көтеріле алмаған. Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18:00 шамасында Алматыдағы достарымен барған". Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Әйелді 20 тамызда құтқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript