Елімізде жұмыссыз жастар қайта даярлаудан өтіп жатыр

Население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, люди , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 14:05 Фото: Zakon.kz
Елімізде 450 мыңнан астам адам жұмыссыз. Бұл – халықтың 4,6 пайызы. Бұл Ұлттық статистика бюросының дерегі. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздар көп.

Осы ретте, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

Соның аясында мамандығы бойынша жұмыс істемеген немесе бұрын істеп қазір бос жүрген жастар үшін қайта оқыту ұйымдастырылған.

Оқуға қатысушыларға шәкіртақы төленеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жұмыс орны басқа қалада болса, жолақы мен баспана жалдау шығындары өтеледі.

Сондай-ақ кәсіп бастағысы келетіндерге – 1 миллион теңгеден астам көлемде грант қарастырылған. Ол үшін бизнес жоспарды қорғау қажет.

"Жұмысшы мамандықтар жылы аясында тұрақты жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі. 1000 түлекті техниклық және кәсіптік білім беру, яғни колледж аяқтаған түлектерді еліміздің ірі компанияларына жұмысқа орналастыру секілді шаралар ұйымдастырылған. Бірінші жарты жылдықтың есебінде, жалпы 500-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды." Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: