6 айда 275 адам өмірі: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды жылдамдықты азайтуға шақырды

Дорожно-транспортное происшествие, ДТП, авария с мопедистом, ДТП с мопедом, ДТП с мопедистом, авария с мопедом, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 16:10 Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) қазақстандықтарды жылдамдықты шектеуді сақтауға кезекті рет шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың алты айында ел жолдарында жылдамдықты асырып жүрудің үш миллионнан астам дерегі тіркелген.

Жылдамдық режимін сақтамау жол-көлік апаттарының басты себептерінің бірі болып отыр. Атап айтқанда, жарты жылда елді мекендерде жылдамдықты арттыру салдарынан 1129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 95 адам қаза тапты.

Ал республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда 986 апат болып, 180 адам көз жұмды.

Жолдағы жауапкершілікті еске салу мақсатында полиция әлеуметтік бейнеролик жариялады.

Онда тек жүргізушінің емес, басқа да адамдардың тағдырына әсер ететін бір әрекеттің салдары көрсетіледі.

ІІМ жылдамдық режимін сақтау жай ғана талап емес, әр адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды ереже екенін атап өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: