Ішкі істер министрлігі барлық қазақстандықтарға маңызды үндеу жолдады
Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 13 наурызда, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі республикалық референдум алдында азаматтарға бейнеүндеу таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық қазақстандықтарға үндеу жасаған департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев жаңа Конституция бойынша референдумның 15 наурызда өтетінін еске салды.
"Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру. Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін."Шыңғыс Алекешев
Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
"Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз. Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады." Шыңғыс Алекешев
ІІМ өкілінің айтуынша, министрлік референдум өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
"Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады. Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
2026 жылғы 12 наурызда Дезинформациямен күрес орталығы референдум алдында алаяқтардың белсенділігінің артып жатқанын қазақстандықтарға ескертті.
Қазақстандағы жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript