Полиция Алакөлде профилактикалық шараларды күшейтті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 16:24 Фото: Zakon.kz
Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Басты басымдық — қоғамдық тәртіпті сақтау, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірге келген демалушыларға жайлы жағдай жасау.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл ретте санитарлық нормаларды бұзу, рұқсатсыз саудамен айналысу, сондай-ақ жағалау аумағындағы тазалық пен тыныштықты бұзатын құқыққа қарсы әрекеттерді анықтауға ерекше назар аударылуда.

Маусым басталғалы бері полиция қызметкерлері 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ең көп тіркелгені — ортақ пайдаланудағы орындарды ластау бойынша 141 жағдай.

Сонымен қатар мал жаюға тыйым салынған аумақтарда — 74 жағдай, абаттандыру қағидаларын бұзу — 15, рұқсат етілмеген жерде сауда жасаудың 22 дерегі анықталды.

Сондай-ақ көлік құралын мас күйде басқарудың 13 жағдайы, құжатсыз басқарудың 7 дерегі және жаяу жүргіншілер тарапынан 8 құқық бұзушылық тіркелді.

Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп жатыр. Демалушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарау, санитарлық талаптарды сақтау және қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық көрсету қажеттілігі ескертілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: