Туристік маусым: Алакөлде қоғамдық тәртіп тәулік бойы қадағаланады

Алаколь, озеро Алаколь, зона отдыха, зоны отдыха, пляж, пляжи, база отдыха, базы отдыха, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 16:25 Фото: primeminister.kz
Алакөл жағалауында полиция тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Туристік маусымның басталуымен Алакөл жағалауына бағытталған көлік ағыны айтарлықтай артты. Мыңдаған демалушы Ақши және Көктума ауылдарына келіп, отбасымен және жақындарымен жазғы демалысын өткізуде.

Көлік қозғалысының күрт көбеюіне байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Тәулік бойы патрульдеу, жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет ету – мұның барлығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты сақтаудың, шаршаған күйде көлік тізгініне отырмаудың, қауіпсіздік белдігін тағудың, қарсы қозғалыс жолағына шықпаудың және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқармаудың маңызы тұрақты түрде түсіндірілуде.

Полицияның басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды тіркеу емес, олардың алдын алу. Сондықтан профилактикалық жұмыстар күндіз де, түнде де үздіксіз жүргізілуде. Негізгі мақсат – курорттық аймаққа апаратын жолдардағы жол-көлік оқиғаларының санын барынша азайтып, оларды мүлде болдырмауға қол жеткізу.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: