Атырауда найзағай түскен екі қабатты үй түгі қалмай жанып кетті

Атырауда найзағай түскен екі қабатты үй түгі қалмай жанып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 21:10 Сурет: видео скрині
Атырауда тұрғын үйге найзағай түсіп, толықтай өртеніп кетті. Кеше кешкісін қалада күн райы күрт бұзылып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн күркіреген.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Атыраудың шетіндегі ықшамауданда екі қабатты тұрғын үйдің шатырына жай оты түскен.

Қызыл жалын лезде лаулап, өрт сөндірушілер бір сағатта әрең сөндірген.

Табиғаттың тосын мінезінен жалпы көлемі 225 шаршы метрді құрайтын жаңа салынып жатқан тұрғын үй түгел жанып кетті. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

"Өрт найзағайдың салдарынан шықты деп болжап отырмыз. Қазір Атырау басқармасының абөлімі анықтап жатыр. Нақтыланғаннан кейін ақпарат береміз". Атырау облысы ТЖД басқарма бастығы Марат Исатайұлы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: