Найзағай және екпінді жел: Астана, Алматы мен Шымкентті алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: unsplash
Астана
22 тамызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +9...+11°C, күндіз +24...+26°C болады. Жел түнде секундына 2-7 метр, күндіз 5-10 метр жылдамдықпен соғады.
23 тамызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Түнде ауа температурасы +13...+15°C, күндіз +19...+21°C. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
24 тамызда: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен шквал болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы +10...+12°C, күндіз +22...+24°C. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы
22 тамызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, күндіз +28...+30°C. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 11 метрге дейін жетеді.
23 тамызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +19...+21°C, күндіз +28...+30°C. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады.
24 тамызда: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, күндіз +28...+30°C. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді.
Шымкент
22 тамызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +19...+21°C, күндіз +32...+34°C болады. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
23 тамызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, күндіз +31...+33°C. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады.
24 тамызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +20...+22°C, күндіз +32...+34°C. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады.