Ұлттық ұлан сарбаздары мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді

Военная служба, военнослужащие, военнослужащий, военные, военный, армия, солдаты, солдат, вооруженные силы, военные учения, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2025 10:47 Фото: Министерство обороны РК
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет қырағылық танытып, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді.

Оқиға техникалық өткізу-бақылау пунктінде кезекшілік кезінде болды.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері – Ерлан Қанат, кинолог көмекшісі Береке Дөнебай, сондай-ақ қарауыл қызметіндегі Ерболат Тойлыбаймен Ерназ Әскербеков ГАЗель жүккөлігін тексеру үшін тоқтатқан.

Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген мұқият тексеру барысында бояу құтыларының арасынан әдейі жасырылған тыйым салынған заттар табылды.

Атап айтқанда: 8 мобильді телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 2 SIM-карта және 3 жұп құлаққап анықталды.

Оқиға туралы ақпарат жедел түрде кезекші бөлімге жеткізіліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: