Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады
Фото: freepik
Тұрғындарды алаяқтардың айла-амалынан сақтау мақсатында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері саяжайлық аумақта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл жерде алаяқтардың басты "нысанасына" айналатындар – зейнеткерлер, сенгіш әрі технологияны жетік білмейтін адамдар.
Полиция өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді:
- "Банк қызметкері" болып қоңырау шалған алаяқ зейнеткерді 900 000 теңгеге алдаған;
- "Салық қызметі" атынан хабарласқан жалған тұлғалар банк картасының деректерін алған;
- Kaspi мен eGov сайттарына ұқсас жалған парақшалар арқылы деректер ұрланған.
Тұрғындарға алаяқтық қоңырауларға, хабарламаларға және түсетін аударымдарға қалай әрекет ету керектігі көрсетілген жадынамалар таратылды. –
"Адамдар белгісіз нөмірлерден келген СМС-терді ашып, сілтемелерге оп-оңай өтеді. Біздің мақсат — әр адам интернет-алаяқтар үнсіз әрекет етсе де, соққысы ауыр болатынын түсінсе екен дейміз", – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Алтынбек Медияров.
Оңтүстік полиция бөлімінің қызмет көрсету аймағында жарты жылдың ішінде 247 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл – тек ресми өтініштер бойынша тіркелген жағдайлар.
Полиция азаматтарды абай болуға, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге және кез келген ақпаратты бірнеше рет тексеруге шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript