Кір сабын ішіне жасырған: Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған күдікті анықталды
Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада жазасын өтеушіге кір сабын ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген сәлем-сауқаттарын тексеру барысында мекеме қызметкерлері ерекше қырағылық танытты.
Тексеру нәтижесінде кір сабынның ішіне жасырылған телефон табылды. Телефон — сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады.
Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалуда.
Қызметкерлердің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында мекемеге тыйым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript