Қорғаныс министрі Астанада әскери емхананы салтанатты түрде ашты

Жаңа медициналық мекеме тәулігіне 300-ге дейін науқасты қабылдап, әскери қызметкерлерге де, олардың отбасы мүшелеріне де, Қарулы Күштердің ардагерлеріне де қызмет көрсетуге дайын, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2025 14:52 Сурет: Zakon.kz
Жаңа медициналық мекеме тәулігіне 300-ге дейін науқасты қабылдап, әскери қызметкерлерге де, олардың отбасы мүшелеріне де, Қарулы Күштердің ардагерлеріне де қызмет көрсетуге дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа медициналық кешеннің ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов символикалық лентаны қиды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Салтанатты ашылу рәсіміне материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері мен осы емханада еңбек ететін медицина қызметкерлері де қатысты.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов емхананың орналасатын жері кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Жақын жерде отбасыларымен әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің едәуір бөлігі тұрады.

"Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-клиникалық госпиталінің бөлімшесі мыңдаған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне білікті көмек көрсетіп, әскери амбулаториялық қызмет жүйесінде жетекші орын алады. Ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, қайта жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, заманауи құрал-жабдықтар алынды", – деді басқарма басшысы.

Сурет: Zakon.kz

Қазақстан Қарулы Күштерінің басшысы әскери емхана ұжымының алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Дәрігерлер ең алдымен медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруі керек.

"Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, қамқорлықтарыңызға, адамгершілігіңізге біздің әскери қызметшілердің денсаулығы ғана емес, моральдық рухы да байланысты. Сенімді ақтап, әскери медицинаның беделін арттырып, қоғамдағы беделін нығайтуға бар күш-жігеріңізді салатындарыңызға сенімдімін", - деді Қорғаныс министрі.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін әскери басшылық медициналық профильге сай жабдықталған, заман талабына сай кабинеттерді аралап көрді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: