Перизат Қайрат ісі: "Алматы-Тазалық" қызметкерлері 3 млн теңгені қайтаруды талап етті

Перизат Қайрат ісі: "Алматы-Тазалық" қызметкерлері 3 млн теңгені қайтаруды талап етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2025 19:10 Сурет: akorda.kz
Астанада Перизат Қайратқа қатысты іс аясында 2024 жылғы тасқын кезінде ұрланған қаражатқа байланысты бірнеше куәгерден жауап алынды. Солардың бірі "Алматы-Тазалық" компаниясының су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсеткісі келгенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сотта "Алматы-Тазалық" өкілі 2024 жылғы 26 сәуірде Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының есепшотына 3 млн теңге аударылғанын мәлімдеді.

"Бұл шешімді жұмысшылардың өздері қабылдады. Қазақстандағы тасқын мен су басудан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын бөлді. Бухгалтерия бұл соманы қорға аударды. Біз адалдыққа сендік. Қиын жағдайда көмек сұралған соң, адамдар шын көңілмен қол ұшын созды. Ал ақырында бұл қаржы шынымен тиісті жеріне жетті ме — ол қорлар мен ұйымдардың ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің ар-ұятына байланысты", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл сомаға байланысты азаматтық талап арыз берілген, енді қаражат Перизат Қайраттың қорынан өндірілмек.

"Біз бұл ақшаны Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық қорына аудардық. Сол ұйымнан өндіріп аламыз. Қажет болса, оның құрылтайшылары мен директорын қосымша жауапкершілікке тартуға болады. Бұл – "Алматы-Тазалық" қызметкерлерінің ақшасы. Олар оны күннің астында, көшеде ауыр еңбектеніп тапқан», – деп жауап берді куәгер қорғаушының "қор таратылып кеткен" деген уәжіне.

Бұған дейін іс бойынша тағы бір куәгер Перизат Қайратқа кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккендерге деп берген қаражатты ол қытайлық торлы сөмкелермен тасымалдағанын айтқан болатын.

Сондай-ақ сот отырысында куәгер сотталушының жоғары білім туралы дипломы қалай пайда болғанын айтып берді.

2025 жылғы 14 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша айыпталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: