Қарағанды облысында жасөспірім мен ер адамның денесі судан табылды
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті
Қарағанды облысында рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан екі адам суға кетіп, мерт болды. Құрбандардың бірі — кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы оқиға Бұқар-Жырау ауданында боллы. Заречное ауылы маңындағы Соқыр өзенінен 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін ТЖД қызметкерлері судан алып шыққан.
Екінші жағдай Теміртауда болды. Техникалық арнадан 1969 жылы туған ер адамның денесі табылған.
Құтқарушылар қазақстандықтарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертті:
- Жүзуді білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Мас күйде шомылмаңыз;
- Арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;
- Жағадан алысқа ұзамаңыз;
- Қараңғы уақытта суға түсуге болмайды;
- Үрмелі матрац пен үрмелі шеңберге сеніп, суға шығуға болмайды;
- Құтқару жилетсіз немесе белдіксіз су көліктерінде болу қатаң тыйым салынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript