Алматыда Сайран көлінен жасөспірім мен ер адамның денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына дереу қаланың құтқару қызметінің сүңгуірлері, ТЖМ, ТЖД, полиция, РЖҚЖ қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы аттанды
"Іздестіру-құтқару операциясы барысында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін тауып, судан алып шықты. Бұл маңда шомылуға қатаң тыйым салынатынын баса айта кетелік. Сайран көлі қазіргі уақытта пайдалануға берілмеген, оның аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр". Алматы қаласының құтқару қызметі

Сурет: Zakon.kz
Белгіленген ескерту белгілеріне қарамастан, халық тыйымдарды елемей, қауіпті, рұқсат етілмеген жерлерде шомыла береді.

Сурет: Zakon.kz
ТЖД мәліметінше, сағат 19:26-да Сайран көлінен 48 жастағы ер адамның денесі табылды. Куәгерлер оның мас болғанын айтады.

Сурет: Zakon.kz
Құтқарушылар 2024 жылы 40 алматылық тыйым салынған жерлерде шомылғаны, қауіпсіздік ережелерін бұзғаны және алкоголь ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын еске салады. Айыппұлдардың жалпы сомасы 800 мың теңгеден асады.

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының ТЖД Сайран көлінде шомылуға барлық құрылыс, санитарлық іс-шаралар аяқталғанға дейін және нысан ресми пайдалануға берілгенге дейін қатаң тыйым салынғанын хабарлайды.
"Тыйым салу тәртібі бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұлдарды қоса алғанда, азаматтарға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ рұқсат етілмеген жерлерде шомылудан бас тартуға шақырамыз". Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында үш адам суға батып кеткені хабарланған. Бұл ретте суға кеткен жасөспірімді құтқарамын деп екі ер адам суға түскен, өкінішке қарай, үш адам да сол күйі судан шыға алмады.