ІІМ әлеуметтік желідегі алаяқтар туралы ескертеді

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 09:37 Фото: pixabay
Желі қолданушыларының кейбірі өздерін махаббат іздеп жүрген шетелдіктер ретінде көрсететін алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр.

Мұндай алдамшы онлайн махаббаттың соңы тек жаралы жүрек пен бос әмиянға әкеп соғады.

Әдемі таныстық, романтикаға толы сөздер, кездесу туралы уәде, тіпті үйлену жайлы арман-мақсаттар... Бірақ кейін әңгіме барысында қиындықтардың туындағаны туралы айтылады. Түрлі сылтаумен ақшалай көмек алуға ұмтылады.

Осындай схемаға алданған Астана қаласының тұрғыны өзімен интернет арқылы сөйлескен адамға сеніп, тоғыз миллион теңгесінен айырылған.

Интернеттегі алаяқтықтың негізгі белгілері:

  • ғашықтық сезімін тез білдіру; бейнеқоңыраудан немесе жеке кездесуден бас тарту;
  • аяныш сезімін тудырып, қиын өмірлік жағдайлар туралы баяндау;
  • ақша, құжаттар немесе бағалы заттарды жіберуді сұрау.

ІІМ азаматтарға бейтаныс адамдарға сене бермеуге, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, әрдайым ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді.

Күдік туындаған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласыңыз, — деді ведомствода.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: