Қызылорда облысында жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер анықталды
Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысында өткен "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол ережесін жиі бұзатын азаматтар анықталып, құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары күшейтілді.
Төлемнен жалтарып жүрген көлік иелеріне шара көріліп, жол қозғалысындағы тәртіпті сақтау маңызы кеңінен түсіндірілді.
"Біздің басты мақсатымыз – айыппұл салып, жазалау емес. Біз ең алдымен жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етуді, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды көздейміз. Әрбір азамат заң алдындағы жауапкершілігін түсінуі керек", — дейді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияров.
Қазір облыс бойынша құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын "Аркан", "Интегра КДД", "Сергек", "Екин-Патруль" сияқты заманауи жүйелер толық жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар "Мегакам Қорғау" жол қозғалысын бақылау жүйесі арқылы жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, міндетті сақтандыруы жоқ көліктер анықталып жатыр.
Бұл – жолдағы қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіндер. — Әр жүргізуші тек өз қауіпсіздігі үшін ғана емес, айналасындағы адамдардың амандығы үшін де жауапты екенін ұмытпауы керек, – деді Нұркен Пралиұлы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript