Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтарының тұрғындарына үндеу жолдады

Ведомствода оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шымкентте орналасқанын түсіндірді., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 10:59 Сурет: pexels
2025 жылдың 23-24 шілдесі аралығында Қазақстанда "Жер-2025" ұлттық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы ел тұрғындарына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шымкентте орналасқанын түсіндірді.

24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: