Синоптиктер Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 10:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың мәліметтері бойынша, бүгін ҚМУ күтілуде.

"2025 жылдың 23 шілдесінде Ақтөбеде, Алматыда, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген сәрсенбіде "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМУ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін Қазақстанның 13 өңіріне +42°С-қа жететін қатты аптап ыстықтың жақындағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: