Астанада полицей тұрғынның өмірін аман алып қалды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 14:07 Фото: Zakon.kz
Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа ауданы полиция басқармасының аға тергеушісі Абай Жұмабек өз кәсібіне деген адалдығын ғана емес, адам өміріне деген жанашырлығын нақты іспен дәлелдеді.

Сол күні басқарма ғимаратына келген бейтаныс азамат кенеттен есінен танып, құлап қалған. Жағдайдың шұғылдығын бірден аңғарған Абай Жұмабек бір сәтке де кідірместен, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Яғни есінен танып қалған азаматтың тілін жұтып қоюына жол бермей, азаматтың өмірін аман алып қалды. Абай Серікұлы – Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай ауылының тумасы.

Еңбек жолын 2017 жылы Семейдегі ІІМ училищесін бітіргеннен кейін Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық ПБ тергеу бөлімінде бастайды.

Тегеурінді тергеуші жылдар бойы тәжірибе жинақтап, бірқатар қызмет баспалдақтарынан өтеді. Қазіргі таңда ол Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық ПБ жеке адамдарға қатысты құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінде.

Ерлік есеппен жасалмайды. Дегенмен шұғыл әрекетке көшетін жағдайда тосылып қалмай, жедел және нақты іс-әрекет ете білу тек кәсіби даярлықтың нәтижесі ғана емес.

Бұл – нағыз адамгершілік пен батылдықтың белгісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: