Астанада жаңбыр жауып, Алматы мен Шымкентте қатты ыстық күтіледі: 24-26 шілдеге арналған ауарайы болжамы

Горы, гора, горная местность, Кок-Жайляу, Иле-Алатауский государственный национальный природный парк, урочище Кок-Жайлау, тучи, тучность, облачность, пасмурная погода, пасмурность, дождливая погода, туризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 14:38 Фото: Zakon.kz
Астанада күн күркіреп, жаңбыр жауады, Алматы мен Шымкентте қатты аптап ыстық болады, ол +42°С-қа дейін жетеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ұсынған 2025 жылғы 24, 25 және 26 шілдеге арналған болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

24 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +31+33°C.

25 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз +30+32°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз +28+30°C.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

24 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.

25 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз қатты ыстық +37+39°C.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

24-26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +40+42°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: