Синоптиктер Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасап отыр

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 10:55 Фото: pexels
Алматы, Өскемен және Теміртау тұрғындарына «Қазгидромет» РМК мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.

"2025 жылдың 24 шілдесінде Алматы, Өскемен, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген бейсенбі күні "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: