Қостанай облысында полиция ауласында қарасора өсірген ауыл тұрғынын ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 15:28 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны қолға түсті.

Арнайы операцияны облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Б.Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізді.

Тінту кезінде күдіктінің үйінен қолдан жасалған атыс қаруы табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл қарудың ойық ұңғылы, яғни атуға жарамды екені анықталды.

Бұған қоса ер адамның үй іргесіндегі учаскесінен алты түп қарасора өсімдігі табылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 11,5 келіден асқан.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарға ескерту жасайды: атыс қаруын немесе есірткі заттарын заңсыз сақтау — ауыр қылмыс, ол үшін заңмен қатаң жаза қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: