"Пәтер алып беремін". Тұрғындарды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты

"Пәтер алып беремін". Тұрғындарды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 22:00 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жағдайы төмен адамдарға арналған арнайы бағдарлама арқылы төмен пайызды ипотекаға пәтер рәсімдеп беремін деп, құрбандарын 110 млн теңгеге алдаған күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскелең қаласының жоғары білімі бар, ресми ешқайда жұмыс істемейтін 47 жастағы азаматы өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырып, "төмен пайызда ипотека рәсімдеп беремін" деп сендіріп, олардың 110 млн теңгесін қалтасына басқан.

Уәде етілген 2-3 айда арманы орындалмаған азаматтар құқық қорғау органдарына жүгініп, күдікті қолға түскен.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы толықтай дәлелденіп, сот үкімімен әкімшілік қызметкер атанған алаяқ 4 жыл 8 айға бостандығынан айырылып, жәбірленушілерге сотқа дейін қайтарып бере алмаған 75 млн теңге қаражатын талап-арыз арқылы өндіруге сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: